Алматыда тұрғындардың өтінішінен кейін заңсыз карьерлер жабылды

14 Маусым 2022, 20:15
2137
Бөлісу:
Алматыда тұрғындардың өтінішінен кейін заңсыз карьерлер жабылды

Алматы, BAQ.KZ. 2022 жылғы 16 мамырда қала әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы халқымен кездесуі барысында тұрғындар Алматы облысы Қарасай ауданының аумағындағы карьердің иелеріне шара қолдануды, олардың тұрғын үйлерге жақын орналасқанын әрі үнемі шу мен шаң-тозаңнан көз ашпайтындарын айтып шағымданған еді.

Бізді Ақжар шағын ауданындағы жұмыс істеп тұрған карьер толғандырады, ол тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл өте шулы және шаңды. Карьер Қарасай ауданына қарайды, бірақ біз – Наурызбай ауданының тұрғындарымыз. Карьер мен тұрғын үйлер арасындағы қашықтық - 10-15 метр. Жер қойнауын пайдалану туралы заңға сәйкес карьер кемінде 500 метр қашықтықта болуы керек – бұл санитарлық-қорғау аймағы. Біз карьера қызметкерлеріне жүгіндік, олар сізге хабарласуды айтты. Мен карьердің лицензиясын қайтарып алуды қалаймын және сіздің тарапыңыздан түнгі уақытта карьердің жұмысын шектеуге көмектесуіңізді өтінемін, – деді аудан тұрғындары.

Досаевтың айтуынша, аталған карьер Алматы мен Алматы облысының түйіскен жерінде орналасқан. Досаев облыс әкімінен карьердің болашағы және онымен не істеуге ниетті екендерін нақтылайтынын жеткізген болатын. Ал, Наурызбай ауданының әкіміне карьердің түнгі уақыттағы жұмысына қатысты мәселені шешуді тапсырған еді.

Бұрындары тексеру нәтижесінде Алматы қаласы мен Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдіктері карьерлерді қазу үшін кемінде қашықтығы 500 шақырым болуы тиіс санитарлық қорғау аймағы назарға алынбаған.

Тұрғындар қала әкіміне жүгінгеннен кейін мәселе оң шешімін тапты. Алматы қаласы әкімдігінің өтініші бойынша Алматы облысының әкімдігі карьердің жұмысын тексеруді ұйымдастырды, нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылғаны расталды.

Наурызбай ауданымен шекарада карьерді әзірлеумен үш фирма айналысты. Қазіргі уақытта екі кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды және тарату сатысында тұр. Үшінші компания бойынша жұмыстар тоқтатылды.
 

Өзгелердің жаңалығы