Алматыда 23 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

24 Тамыз 2020, 16:42
962
Бөлісу:
Алматыда 23 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн брифинг барысында айтты.

Пандемия халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына қатты әсер еткен. Дегенмен, халықты «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру жалғасып жатыр. Оның ішінде жұмыспен қамту мәселесі және қайта оқыту, қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру, микрокредит ұсыну бойынша жұмыстар жүргізілуде екен. 

Бүгінгі таңда Алматы бойынша 23 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы бос жұмыс орны жағынан ең жоғары орында тұр. Жұмыс берушілер бізбен хабарласып жатыр, жұмыс бар. Қазір еңбек биржасында 15 мыңнан астам ашық жұмыс орындары бар. Олардың қатарында дәнекерлеуші, электрик, көлік жүргізуші, қызмет көрсету саласында даяшылар, бармен сияқты мамандықтарға сұраныс жоғары, - дейді Данияр Әлкебайұлы. 

Сонымен қатар, ол «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында уақытша жұмыспен қамту да жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

Оның ішінде қоғамдық жұмыс орындары бар. Ең төменгі жалақы 85 мың теңге. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша 12 мыңнан астам азамат сол жұмыста еңбек етуде. Жыл соңына дейін 15 мың азаматты қамтамасыз етеміз деп жоспарлап отырмыз, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы