Алматыда тозған жылу желілері қайта жаңартылып жатыр

11 Қыркүйек 2023, 03:42
670
Бөлісу:
Алматыда тозған жылу желілері қайта жаңартылып жатыр
Фото: baq.kz

Жетісу ауданында жалпы ұзындығы 8,4 км жылу желілерін қайта жаңарту басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде ескірген жылу желілерін жаңарту жұмыстарына ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Айнабұлақ-2 шағын ауданында Қазыбаев, Серіков, Анғар, Мұқатай көшелері бойынша жалпы ұзындығы 5,9 км "Айнабұлақ" жылу магистралін қайта жаңарту жалғасуда. Қыркүйек айында биыл жоспарланған 2,2 км жылу желілерін қайта құру аяқталып қалды. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 2,5 км Казаков және Бродский көшелеріндегі жылу магистраліне жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның 1,1 км-і қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда, - деді ол.

Екі жоба да 2024 жылы толығымен аяқталатынын айтты. Колпаковский және Есенов көшелеріндегі жылу магистралінің учаскесі қайта жаңартылды. Бұл №143 мектепке тұрақты жылу беруді қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы