Алматыда той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

14 Қаңтар 2022, 11:04
1935
Бөлісу:
Алматыда той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы шықты.

Жаңа қаулыға сәйкес қала тұрғындары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамнан асатын іс-шараларды, мерейтой, үйлену той, банкеттер мен өзге де шараларды өткізуге және қытсуға тыйым салынады;

- ПТР зерттеудің оң нәтижесін алған кезде және науқаспен жақын байланыста болған кезде 14 күн өзін-өзі оқшаулау режимі;

- Спорттық-сауықтыру орталығына, фитнес орталықтарға, монша, сауна, бассейндерге 2022 жылғы 15 қаңтардан бастап Ashyq-те «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады.                

- Ashyq жобасына қатысуына қарамастан концерт залдары, цирк, театрлардың қызметіне, діни бірлестіктердің нысандарына, ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Жаңа қаулымен мына сілтеме арқылы толық таныса аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы