Алматыда төрт букмекерлік кеңсе әшкере болды

22 Тамыз 2021, 12:00
1125
Бөлісу:
Алматыда төрт букмекерлік кеңсе әшкере болды

Алматы, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда төрт букмекерлік кеңсенің басшысын жауапқа тартты. 

Қаладағы PariMatch, ВК Triumph, «Фаворит» және PROFITBetting букмекерлік кеңсенің лауазымды тұлғалары заңсыз бизнес ойындарын ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп табылды.

Тергеу барысында букмекерлік кеңсенің басшылары бірқатар заңды бизнеспен қатар өз мекемелерінің қабырғасында онлайн-казино ұйымдастырған. Сот үкімімен PariMatch және BK Triumph кеңсесінің лауазымды тұлғаларына 500 (1 458 500 теңге) бен 200 (394 200 теңге) АЕК көлемінде айыппұл салынды,-делінген хабарламада.

Ал, Favorit пен PROFITBetting басшылары аса ірі көлемде заңсыз табыс тапқаны үшін, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы