Алматы қалалық ПД тоқ соғып, электр бағанына жабысып қалған электршіге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еске салсақ, кеше Halyqstan телеграм-каналында Алматының Түрксіб ауданында Атмосфера тұрғын үй кешені маңында электршіні тоқ соғып, жанып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.
Қалалық полиция департаменті мәлім еткендей, Түрксіб аудандық ПБ полицейлері ҚР ҚК 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда, - делінген хабарламада.