Алматыда тонаушылардың тағы бір тобы ұсталды

12 Қаңтар 2022, 13:30
1226
Бөлісу:
Алматыда тонаушылардың тағы бір тобы ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алмалы аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, қала орталығында күндізгі уақытта 21-27 жас аралығындағы бес адам ұсталған.

Олардың екеуі – қыздар. Күдіктілер есірткіні тығып жатқан. Ұсталғандардың жалдамалы пәтерінен бөлшек сауда үшін оралған синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ, күдіктілер тонау кезінде қылмыстық жолмен алған цифрлық құрал-жабдықтар табылды және тәркіленді, – делінген хабарламада.

Барлығы 70-тен астам ұнтақты заты бар магниттік бумалар, сондай-ақ екі компьютер процессоры мен мониторы, ноутбуктер, теледидарлар, проекторлар, пернетақталар, виртуалды ойындарға арналған дулыға, киетін заттар мен оқ-дәрілер табылған.

Күдіктілер қамауға алынды. Олардың жеке тұлғасы мен басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Өзгелердің жаңалығы