Алматыда тонауға қатысқан содырлар Батыс Қазақстан аумағында ұсталды

8 Қаңтар 2022, 12:06
2401
Бөлісу:
Алматыда тонауға қатысқан содырлар Батыс Қазақстан аумағында ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда тонауға қатысқан содырлар Батыс Қазақстан аумағында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер министрлігі жедел штабының мәліметінше, бүгін сағат 03:30 шамасында Батыс Қазақстан облысының аумағындағы блокпосттардың бірінде «Тойота Альфард» маркалы көлік тоқтатылды. Полиция қызметкерлерінің көлік багажын аш деген талабына жүргізуші бас тартқан. Полиция қызметкерлері жолаушылардың жеке заттарын тінту барысында бір адамнан пышақ тауып алған. Қызметкерлердің «салонда тыйым салынған заттар бар ма?» деген сауалына көлік жүргізушісі «жоқ» деп жауап берген. Постқа жеткен полиция қызметкерлері аталған көлікті Абай ауылдық полициясына апару туралы шешім қабылдаған. Жолда «Тойота Альфард» көлігі бой тасалауға тырысқанымен патрульдік автомашина оны күштеп тоқтатқан.

«Авткөлікті тінту барысында полиция қызметкерлері жүксалғыштан көзден жас ағызатын граната, тегіс ұңғымалы мылтық оқтар, түрлі маркадағы елуден астам ұялы телефон, алты планшет жиырма үш смарт сағат, сонмен қатар өзге де гаджеттер мен аксессуарлар тауып алды. Мұнан бөлек, ұрлыққа қарсы магнит биркалары алынбаған бірнеше сөмке киім кешек табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандарды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автомашина арнаулы көлік тұрағына қойылды», деді ведомстводан.

Министрліктің атап өтуінше, ұсталған деструктивті діни ағым өкілдері және олар Алматыдағы тонау актілеріне және наразылық акцияларына қатысқан. Ұсталғандардың сөзіне қарағанда, граната мен оқтарды Алматыдағы таныстарынан сатып алған. Ал смартфондар мен аксеуарларды, киім кешектерді дүкендерді тонау кезінде алып кеткен.

Өзгелердің жаңалығы