Алматы, BAQ.KZ. Терроризмге қарсы күрес бойынша АҚЖШ бүгін қаладағы Түрксіб ауданында терроризмге қарсы оқу-жатттығулар өтетінін хабарлады.
6 сәуірде Алматы қаласы Түрксіб ауданы, Спасская көшесіндегі 67 үйдегі сағат 06.00-ден 12.00-ге дейін лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді. Оқу-жаттығудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерге террористік қауіп төнген кезде өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Оқу міндеттері терроризм актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған,-делінген хабарламада.
Сонымен қатар, оқу-жаттығу кезінде шектеулер қойылатынын хабарланды. Осыған байланысты азаматтарға болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын айта кеткен жөн.