Алматыда террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейі жойылды

6 Ақпан 2022, 17:22
1341
Бөлісу:
Алматыда террористік қауіптіліктің  «қызғылт сары»  деңгейі жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі жойылады. Бұл туралы Алматы трагедиясы телеграм каналы хабарлады.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Оперштаб Алматыдағы жағдайдың тұрақтанғаны туралы хабарлады.

7 ақпан күні сағат 00.00-ден бастап террористік қауіптіліктің жоғары   «қызғылт сары» деңгейі жойылады, - делінген хабарламада.

Арнайы және құқық қорғау органдарының күшейтілген қызмет түрін атқару жөніндегі қызметі бұрынғы режимде жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы