Алматыда танымал құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Алматы қаласының құрылысты бақылау басқармасы “СК 7 Строй” ЖШС құрылыс компаниясын лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 gov.kz 31 Қазан 2025 2025, 09:50
31 Қазан 2025 2025, 09:50
564
Фото: gov.kz

Алматы қаласының құрылысты бақылау басқармасы “СК 7 Строй” ЖШС құрылыс компаниясын лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, мердігер қаладағы бірнеше нысанда жұмыс жүргізген. Олардың қатарында № 112 мектепке жапсарлас ғимараттың құрылысы мен Әуезов ауданындағы абаттандыру жұмыстары бар.

Жоспардан тыс тексеру кезінде жобалық шешімдерден ауытқулар мен құрылыс нормаларының сақталмауы анықталды, – деді басқармада.

Тексеру қорытындысы бойынша компания құрылыс қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды.

Наверх