Алматыда тағы да жылу құбыры жарылып, көшені су басты

Алматыда гидравликалық желілерді жоспарлы сынақтан өткізу кезінде Қазыбаев көшесінде жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 видеодан кадр 24 Маусым 2025 2025, 11:42
24 Маусым 2025 2025, 11:42
1849
Фото: видеодан кадр

Алматыда гидравликалық желілерді жоспарлы сынақтан өткізу кезінде Қазыбаев көшесінде жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Апаттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Белгілі болғандай, Қазыбаев көшесінің бойындағы № 105а үйдің маңымен өтетін магистральдық құбыр учаскелерінің бірінде құбыр жарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Диаметрлі 1000 мм болатын құбырдағы ақауды жедел түрде апаттық бригада оқшаулады. Алдын ала мәлімет бойынша жарылыстың себебі – құбырдың коррозияға ұшырауы. Сынақ кезінде барлық қауіпсіздік шарасы сақталғанымен, төтенше жағдайлар болуы мүмкін, – деп хабарлады Алматы жылу желілері.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда университет жанында жылу құбыры жарылғанын жазған едік. 

Наверх