Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

23 Қаңтар 2024, 15:51
2216
Бөлісу:
Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді
Фото: © Depositphotos.com / Konstantin Sutyagin

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ «Сейсмология институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 15 сағат 07 мин 09 сек (2024 жылғы 23 қаңтар Гринвич бойынша 09 сағат 07 мин 09 сек) жер сілкінісі тіркелді.

 Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде Қытай аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.6. MPV магнитудасы 4.9. Эпицентрдің координаттары 41.14° С. Е. 78.57° ш. б. Тереңдігі 5 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласы 2 балл.

Өзгелердің жаңалығы