Алматыда тағы да кран құлады

4 Сәуір 2022, 14:50
1984
Бөлісу:
Алматыда тағы да кран құлады

Алматы, BAQ.KZ.  Түрксіб ауданында құрылыс жүріп жатқан аумақта жүк краны ортасынан қақ бөлінді.

Әлеуметтік желіде құрылыс алаңында ортасынан қақ бөлінген кранның фотолары мен бейнелері тарады. Видеодан мұнара кранның құрылыс нысанының үстіне құлағанын көруге болады.

Алматы қаласы Өндірістік қауіпсіздік департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Түрксіб ауданында болған.

Алдын ала ақпарат бойынша оқиға Жас Қанат ықшам ауданында салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысында болған. Құрылыстағы мұнара краны құлаған. Құрбан болғандар мен зардап шекккендер жоқ, – делінген департамент таратқан мәліметте.

Айта кетсек, қаңтар айында Таугүл-1 ықшам ауданындағы құрылыс алаңда кран құлап, 49 жастағы краншы көз жұмған еді. 

Өзгелердің жаңалығы