Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Тайыр Жароков көшесі, 16 мекенжайында орналасқан тағы бір тұрғын үй толықтай карантинге жабылды. Бұл туралы "КТК" телеарнасында хабарланды.
Үй тұрғындарының айтуынша, қазір үйдің аумағы периметр бойымен қоршалған, ауланың кіреберісінде бақылау-өткізу пункттері бар. Арна қала әкімдігіне жүгінді және ресми растауды күтуде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда "Сұңқар" тұрғын үй кешені карантинге жабылған. Оның периметрі бойынша төрт өткізу пункті орнатылды. Тұрғындарға баспананы тастап, жерасты тұрағына түсуге тыйым салынды. Тұрғын үйдің карантиндік режимі әзірге 15 күнтізбелік күн бойынша сақталады.
Сондай-ақ бұған дейін "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің жанында Достық 42, Достық 42а, Қабанбай батыр, 68 мекенжайы бойынша орналасқан үш үй жабылды. Сонымен қатар, жақын жерде орналасқан азық-түлік дүкеніне де карантин жарияланды.
Кейінірек Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері мен полиция Достық даңғылында орналасқан Almaty Towers тұрғын үй кешенін қоршап тастағаны белгілі болды.