Алматыда сұйытылған газ бағасын кім көтергені анықталды

14 Сәуір 2023, 14:22
1038
Бөлісу:
Алматыда сұйытылған газ бағасын кім көтергені анықталды
Фото: gov.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мегаполисте 21 тексеру жүргізген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылы департамент қалада 21 үстем компания мен 6 монополистті анықтады. Департамент басшысы Нұржан Ұранхаевтың айтуынша, Алматыда 37 хабарлама, 17 нұсқама беріліп, 21 тексеру жүргізілген.

Ведомствоның қорытындысы негізінде «Петросун» компаниясынң әрекетімен сұйытылған мұнай газын сату кезінде монополиялық жоғары бағаны пайдалану фактілері анықталған.

2021 жылдың қыркүйегі мен қарашасы аралығында сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы уәкілетті орган бекіткен шекті бағадан 30О%-дан астам өсіп, тоннасына 183 мың теңгені құраған. Бұл өсім «Петросун» ЖШС-нің биржалық сауда-саттық кезінде тауар бағасының объективті дәлелді себептерсіз үздіксіз көтерілуінің нәтижесі болды, - деді Нұржан Ұранхаев.

Мемлекет қабылдаған шаралар нәтижесінде бюджетке 2,2 миллиард теңгеден астам шығын өтелген. Сондай-ақ өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша «Петросун» компаниясы 600 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы