Алматыда су беру және тоқтату кестесіне өзгерістер енгізілді

31 Шілде 2023, 09:32
426
Бөлісу:
Алматыда су беру және тоқтату кестесіне өзгерістер енгізілді
Фото: BAQ.KZ -архив

«Алматы Су» Медеу ауданының тұрғындарына су беру және тоқтату кестесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Медеу ауданында суды беру мен тоқтатудың уақытша кестесі биыл 31 шілде сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жарамды.

31.07.2023, 01.08.2023, 02.08.2023 жылы мына аумаққа су беріледі: 

Сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін әл-Фараби, Луганский, Чайкина, Тайманов көшелеріндегі көппәтерлі тұрғын үйлер. 

Сағат 19:00-ден 24:00-ге дейін Құрмет көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушыларға, оның ішінде «Юбилейный» ш/а, Каменск үстірті, Европолис ТҮК, Алем қалашығы, Алмалы ТҮК, Керей – Жәнібек хандар көшесінің екі жағындағы көппәтерлі тұрғын үйлер. 

Сағат 13:00-ден 19:00-ге дейін және сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін резервуарларға су жинақталады. 

Сумен қамтамасыз етудің көрсетілген кестесі табиғи құбылыстарға байланысты өзгереді. Барлық өзгеріс қосымша хабарланады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, мүмкіндігінше суаруды шектеуді және суды үнемдеуді сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы