Алматыда студенттер мәйітханадағы мүрдемен ойнаған
11 Маусым, 15:45 7904

Алматыда студенттер мәйітханадағы мүрдемен ойнаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Студенттер мәйітханадағы адам мүрделерімен ойнаған. Сондай-ақ ерсі қылықтарын ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған деп хабарлайды Astana.tv. 

Ақ халат киген жастар суда жатқан мәйіттердің де қолынан ұстап, оны желіге жүктепті. Әлеуметтік желіде жылдам тараған бейнежазба қызу талқыға түсті. Көпшіліктің ашуын тудырды. Онда парақша иесі мәйіттердің дене мүшелерін де жеке-жеке көрсеткен. Желі қолданушылары парақша иесі Алматыдағы танымал медициналық университетте оқитынын жазған. Жоғарғы оқу орны жазба иесін тауып, мән-жайды анықтауға көшіпті. Психолог хайп үшін мұндай қадамға барғандардың ауытқуы бар деп есептейді. Ол желіге желіккендерді жазалау қажет деп отыр. 

Біріншіден бұл жерде отбасылық тәрбиеге байланысты. Мәйітпен ойнаған адам ол – тасжүрек. Жүрегінде иманы жоқ. Ойының бәрі хайп, тик-ток.  Психологиясының ауытқуы бар адам. Тик-токқа заң қою керек қой. Осындай қорқынышты мәйітті, осындай суға секіруге болмайды деген заңды қағидаларды қойса, жастар оған дейін бармайды, - деді психолог Айгүл Қараманова.


Фото: дереккөз
Загрузка...