Алматыда скейт алаңы бар жаңа сквер салынды

Бүгiн, 02:37
105
Бөлісу:
Алматыда скейт алаңы бар жаңа сквер салынды
Фото: gov.kz

Алматыдағы Медеу ауданының Алатау шағын ауданында жалпы ауданы 0,8 га болатын жаңа сквер салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұрын Ибрагимов көшесіндегі қараусыз қалған учаскеде енді жаңа қоғамдық кеңістік құрылды. Жоба бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді: жаңа ойын және спорт кешендері, скейт алаңы жасалды. Дұрыс демалу үшін беседкалар мен орындықтармен жабдықталған демалыс аймағы қарастырылған, - деп жазылған қала әкімдігінің мәліметінде.

Жалпы ауданы 0,6 га аумақты көгалдандыруға ерекше назар аударылды: ағаштар мен гүлдердің әртүрлі отырғызылды. Салауатты көріністі сақтау және екпелерге күтім жасау үшін автоматты суару жүйесі қарастырылған.

Сондай-ақ сквер аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау желілері, сыртқы жарықтандыру жүргізілді және инфрақұрылым объектілеріне қызмет көрсету үшін техникалық үй-жай көзделген.

Айта кетерлігі, Алатау шағын ауданы Алматыдан 25 км қашықтықта орналасқан. 1957 жылы құрылған. Бұған дейін Алатау поселке ретінде Алматы облысының құрамына кірген. Шамамен 30 жыл бұрын Алматының Медеу ауданына қосылып, «шағын аудан» мәртебесін алды.

Бүгінде тұрғын алабы өсіп, дамып келеді. Биыл тұрғындар үшін жалпы ауданы 7,3 мың ш.м., қуаты ауысымына 149 адам болатын дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы басталады. Бұдан басқа, келесі жылы «Алатау» мемлекеттік ауруханасының ғимаратын қайта жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ Мәдениет үйін қайта құру бойынша 2 жылға есептелген жобаны іске ас қолға алынады. Жоба бойынша жергілікті тұрғындар үшін комьюнити орталығын орналастыру қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы