Алматыда сиреналар неге кеш қосылғаны айтылды

4 Наурыз 2024, 18:37
394
Бөлісу:
Алматыда сиреналар неге кеш қосылғаны айтылды

Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қабырғасында болған брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

"Сиреналар неге жер сілкінісінен кейін ғана қосылды" деген журналистердің сұрағына ТЖ алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин жауап берді.

Ерте хабарлау станциялары бойынша, сіз қаңтардағы соңғы сейсмикалық оқиғаның эпицентрі Алматыдан 300 шақырым жерде болғанын түсінуіңіз керек. Яғни, бұл жағдайда толқынның Алматыға физикалық жетуі 10-20 секунд. Бүгінгі оқиға Алматыдан 30 шақырым жерде болды. Бірақ қондырғылар жұмыс істеді, операторлар ақпарат алды, сейсмологтар магнитудасы мен тереңдігін өлшей бастады, - деп толықтырды ТЖМ жанындағы ТЖ алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин.

Сонымен қатар ол тұрғындарға SMS-ескертулер келгенін айтып өтті.

SMS-хабарлама бойынша, олар бір уақытта емес, белгілі бір уақыт аралығын сала отырып келіп түсетінін айтқым келеді. Оған түсіністікпен қарау керек, өйткені біреуге 10 минут ішінде, біреуге бір сағаттан кейін түседі, - деді Рустамбек Амрин.

Өзгелердің жаңалығы