Алматы қаласында 10 айының қорытындысы бойынша 585 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 183 сату дерегі анықталған, деп хабралайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек баспасөз орталығында атап өтті.
Үкімет деңгейінде 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің кешенді жоспары қабылданды, оған сәйкес есірткі қылмысымен күрес тек полицияға ғана емес, сонымен қатар, жұртшылықты тартумен басқа да мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Заңсыз айналымнан 677 келі 166 гр есірткі тәркіленді, соның ішінде 18 келі 520 гр. синтетикалық препараттар, осылайша жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам синтетикалық есірткінің кемінде 200 мың дозасын таратуға жол бермедік, ал шартты бірліктерде бұл 3 млн АҚШ доллар болды.Сондай-ақ 73 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді, яғни 8 тонна синтетикалық есірткі немесе 8 миллион бір реттік дозасын өндіруге жол бермедік, – дейді Салтанат Әзірбек.
Синтетикалық есірткілерді шығаратын 14 есірткі зертханасы жойылды.
Мен барлығын әлеуметтік жауапкершілікке шақырып, есірткіні өндіруге немесе таратуға деген кішкене күдік болса бізге хабарлауларын сұраймын. Өкінішке қарай, есірткінің көптеп таралуы ойын-сауық орындарында да байқалады. Департамент тарапынан 4 мекеменің қызметін тоқтату және лицензиясынан айыру туралы құзырлы органдарға ұсыныс енгізілді. Есірткі өсімдіктерін өсіру бойынша 6 дерек бар. Қылмыстық заңнамаға сәйкес мұндай өсімдіктерді заңсыз өсіру (ҚК-тің 300-бабы) үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынын ескертемін, – дейді Салтанат Әзірбек.
Есірткі қоймасын ұйымдастыру және ұстау бойынша 2 дерек анықталды (ҚК-нің 302-бабы). Олардың барлығы бір топ адамның тұрақты тұрғылықты жері бойынша ұйымдасқан түрде жеңіл жолмен ақша табу мақсатында бірге тұратын кішкентай балаларына қарамастан нашақорларға есірткі тұтынуға ғимарат берген.
Аталған әрекеттер үшін заңда үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, ал егер олар бірнеше рет және/немесе қылмыстық топпен жасалса, мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген. Электрондық төлемдерді пайдалана отырып, интернет арқылы байланыссыз әдіспен синтетикалық есірткіні тарату үрдісі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Есепті кезеңде қалада 71 бетбелгі қоюшы ұсталды. Олардың барлығы есірткіні сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот үкімімен барынша мүмкін мерзімге бас бостандығынан айырылды, – дейді Салтанат Әзірбек.
ҚК-нің 297 бабы 4 бөлігі бойынша білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмаған адамға есірткі заттарын сатқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.