Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов хабарлады. Сондай-ақ ол зардап шеккен кәсіпкерлердің қайсысы келтірілген залалды өтей алатындығына тоқталды.
Сонымен қатар несиелер мен салықтар бойынша кейінге қалдырыла ма, жоқ па, соны айтып берді.
Кәсіпкерлер палатасы басшысының айтуынша, зардап шеккен шағын және орта бизнес кәсіпкерлері залалды өтеуге үміттене алады.
Шешім әрбір нақты жағдайда әзірленіп жатқан үкіметтік қағидалар негізінде құрылған комиссиялардың қараған қорытындылары негізінде қабылданатын болады. Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына Жібек жолы көшесі, 135 (Амангелді көшесінің қиылысы) 2-ші блок, 8-ші қабат мекен-жайы бойынша хабарласып, форс-мажорлық жағдайлар туралы куәлік алуға болады, - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ несиелер мен салықтық төлемдер бойынша мерзімді ұзартуға қатысты Айтуар Қошмамбетов былай деп түсіндірді.
Салықтық төлемдер бойынша мәселе қазіргі уақытта ҚР Үкіметі деңгейінде қарастырылуда. Бұдан басқа, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрықпен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларды қолдау шараларын бекітті. Құжатқа сәйкес кредиттік ұйымдар ТЖ кезінде оның қаржылық жай-күйінің нашарлауының немесе келтірілген залалдың объективті себептері болған кезде қарыз алушының банктік қарыз немесе микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді тоқтата тұрады, - деп отыр Айтуар Қошмамбетов.
Кәсіпкер объектінің бос тұрып қалуы кезінде қызметкерлердің жалақысы бойынша шығындарды залал сомасына қосуға бола ма деген мәселеге қатысты спикер шығыстардың осы бабы бизнестің тоқтап тұруына байланысты, мысалы, тез бұзылатын өнімдер үшін шығындар және жалға алу шығыстары сияқты залал ретінде есептелмейді дейді. Жалдау ақысы мәселелері бойынша дауларды реттеу үшін кәсіпкерлерге аудандық комиссияға өз бетінше өтініш беру ұсынылады.