Алматыда ШОБ шығындарын өтеу жөніндегі Комиссия кәсіпкерлердің тағы 39 өтінімін мақұлдады

7 Ақпан 2022, 17:35
1346
Бөлісу:
Алматыда ШОБ шығындарын өтеу жөніндегі Комиссия кәсіпкерлердің тағы 39 өтінімін мақұлдады

Алматы, BAQ.KZ. ШОБ субъектілеріне келтірілген шығынды өтеу жөніндегі Аймақтық комиссияның 06.02.2022 жылғы отырысында жалпы сомасы 85,7 млн теңгеге 39 өтінім мақұлданды, оның ішінде 8,4 млн теңге сомаға 5 өтінім бюджет қаражатынан, «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры қаржысынан 77,3 млн теңге сомаға 34 өтінім өтелді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комиссияның жұмысы басталғаннан бері барлығы 456,1 млн теңге сомаға 260 өтінім мақұлданды, оның ішінде бюджет қаражатынан 157,1 млн теңгеге 108 өтінім, қор қаржысынан 299 млн теңгеге 152 өтінім. Бірінші кезекте, 5 млн теңгеге дейінгі төлем сомасымен микро және шағын бизнестен түскен өтінімдер жедел қаралуда.

Аймақтық комиссия бизнеске келтірілген шығынды өтеу жөніндегі қолданыстағы тетікке түзетулер енгізуді жалғастыруда. Мәселен, егер бұрын Аймақтық комиссияның ұсынысы бойынша өтемақы жеке аудиторлар мен бағалаушылардың қызметтеріне арналған шығындарды қамтыса, енді сот сараптамасын жүргізу үшін бюджет қаржысы есебінен жеке адвокаттарға арналған шығындар да төленуі мүмкін.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қолданыстағы нормаларына сәйкес сот сараптамасын жүргізуге материалдарды дайындауға тек тергеуші ғана емес, оның сұрауы бойынша адвокат та жіберіледі. Қазіргі кезде тергеушілер жүктемесінің көп екенін ескере отырып, сот сараптамасын жүргізуді жеделдету және өтемақы төлемін алу мақсатында біз тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге жеке адвокаттардың қызметіне жүгінуді ұсынамыз. Қазір кәсіпкерлер бұл қызметтерді өз қаржысы есебінен төлей алады, алайда біз бюджет қаражаты есебінен шығынды өтеуге адвокаттық қызметтерге арналған шығыстарды қосу жөнінде ұсыныс әзірлеп жатырмыз. Бұл шара зардап шеккен бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді кеңейтуге және қала экономикасын одан әрі қалпына келтіруді жеделдетуге мүмкіндік береді, - деп хабарлады ШОБ субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жөніндегі Аймақтық комиссияның төрағасы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.
 

Өзгелердің жаңалығы