Алматыда шетелдік инвестициямен қандай жобалар іске асып жатқаны айтылды

20 Тамыз 2021, 12:45
4999
Бөлісу:
Алматыда шетелдік инвестициямен қандай жобалар іске асып жатқаны айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қыркүйек айында «Esentai City»-де британдық «De Monford» университетінің 1-ші филиалын ашу, Алматыда Халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысын бастау жоспарланған. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты.


Оның айтуынша, шетелдік инвесторлармен жұмыс аясында қала әкімі жанындағы Инвесторларды тарту жөніндегі кеңестің қызметі қайта жанданған. Қазір шетелдіктердің қатысуымен қалада бірқатар жаңа жобалар жүзеге асырылып, пысықталуда.

Қыркүйек айында «Esentai City»-де Британдық «De Monford» университетінің 1-ші филиалын ашу, Алматыда Халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысын бастау жоспарланған. Осы жылдың 2 тамызында «Orhun Medical»ЖШС түрік компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Компания 150 төсектік көпбейінді клиника жобасына 17,2 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. 11 тамызда «Медикал Партнерс» компаниясы атынан кореялық инвесторлармен 200 төсектік заманауи Оңтүстік Корея медициналық орталығын және зертханасын салу жөніндегі жобаны іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,-деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар ол жақын арада ресейлік инвесторлар Алматыда «Леруа Мерлен Қазақстан» гипермаркетінің құрылысы бойынша жобаны іске асыруды бастайтынын жеткізді.

Өткен жылы Индустриалды аймақта Хюндай зауыты ашылып, 6,5 мыңнан астам автокөлік шығарылды. 2021 жылғы қаңтар-шілде айларында 12,3 мыңнан астам автокөлік шығарылған. Нәтижесінде машина жасау 4,8 есе өсті. Өңдеудің жекелеген салаларында өткен кезеңмен салыстырғанда өсу жеделдеді. Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі 29,9% - ға, құрылыс материалдары 16,5% - ға, дайын металл бұйымдары 56% - ға өсті,-деді Еркебұлан Оразалин.



Өзгелердің жаңалығы