Алматыда үш ауысымда оқытатын мектеп жоқ

11 Қыркүйек 2019, 18:26
2258
Бөлісу:
Алматыда үш ауысымда оқытатын мектеп жоқ

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 261 мыңнан астам оқушы мектеп партасына отырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 000 балаға көп.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова айтты.

«Ағымдағы оқу жылында Түрксіб ауданындағы «Нұршашқан» елді мекеніндегі 600 орынды мектеп пен Әуезов ауданындағы «Мамыр» елді мекеніндегі 1200 орынды мектептің құрылыстарын аяқтау жоспарланған», - деп атап өтті Гүлнар Ходжабергенова. 

Сонымен қатар, ол Алматыда үш ауысымда оқытатын мектептің жоқ екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы