Алматыда сауда үйі өртенді

6 Маусым 2022, 11:09
1735
Бөлісу:
Алматыда сауда үйі өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Life town сауда үйі өртке оранды. Өрт сөндірушілер ғимараттың басым бөлігін аман алып қалды.  

Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 05-45-те Медеу ауданы Меңдіқұлов көшесі, 98 мекенжайы бойынша өрт болғаны хабарланған.

Алматыда сауда үйі өртенді

Анықталғандай донер сату орны өртенген және өрт жапсарлас тұрған сауда үйінің шатырына көшкен. Өрт шатырдың 150 шаршыметріне жайылған. Алғашқы бөлімшелер шақыру орнына сағат 5:50 (5 минут) келді, ең жақын өрт сөндіру бөлімінен қашықтық 2,7 км, өрт 6:16-да оқшауланды және 6:30-да жойылды, - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер сауда үйінің басым бөлігін аман алып қалған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге 13 техника мен жеке құрамнан 50 адам жұмылдырылды.

Алматыда сауда үйі өртенді


 

Өзгелердің жаңалығы