Алматыда сүт безі обырын ерте анықтау орталығы ашылды

17 Желтоқсан 2019, 10:40
8558
Бөлісу:
Алматыда сүт безі обырын ерте анықтау орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында бірінші томосинтез орталығы ашылды. Бұл жоба ҚР ДСМ "Қазақ онкология және радиология" ғылыми-зерттеу институттымен бірлесіп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жүзеге асырылады.

Томосинтез – сүт безі обырын (СБО) диагностикалаудың инновациялық әдісі. Қалыпты 2D-маммографиядан айырмашылығы, томосинтез әр түрлі бұрыштағы жұқа қабатты суреттердің қатарын шығарады, бұл сүт безі обырын ерте кезеңдерде жоғары және дәл анықтауға және пациенттердің өмірін сақтауға мүмкіндік береді, - деді ҚазОжРҒЗИ АҚ басқарма төрайымы, Д Қайдарова.

Divera томосинтез жаңа орталығы ең заманауи Fujifilm Amulet Innovality аппаратымен жабдықталған және қазіргі уақытта Алматы қаласында жалғыз томосинтез болып табылады. Орталықты құру және оны жабдықтау толығымен жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылды. Томосинтездің көмегімен СБО диагностикалау әдістері Еуропада, АҚШ-та, Кореяда және Жапонияда табысты қолданылады.

Сүт безі обыры – әлемде ең кең тараған қатерлі ауру және әйелдер арасындағы өлім-жітімнің негізгі себебі. Қазақстанда сүт безі обыры әйелдердің онкологиялық аурушаңдығы құрылымында бірінші орында тұр.

Ісікалды және ісік патологияларын ерте анықтауға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін скрининг, емдік тактиканы уақтылы диагностикалау және стандарттау елімізде сүт безі обырынан өлім-жітім деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

 

Өзгелердің жаңалығы