Алматыда қызылшаға қарсы 160 мың адам екпе алды

26 Наурыз 2024, 12:05
2403
Бөлісу:
Алматыда қызылшаға қарсы 160 мың адам екпе алды
Фото: - архив

Алматыда өткен жылдан бері қызылшаның 6559 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қызылшаның 6559 зертханалық расталған жағдайы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 4599 жағдай тіркелді. Өткен жылдың 10 қараша мен 2024 жылдың 25 наурызы аралығында қалада қызылша, қызамық, паротитке қарсы иммундау шеңберінде 159 873 адам екпемен қамтылды, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 12 689 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар – 79 138,– дейді Әсел Қалықова.

Өзгелердің жаңалығы