Алматыда Қытайдан келген 4 адам ұсталды

23 Қыркүйек 2022, 00:24
1470
Бөлісу:
Алматыда Қытайдан келген 4 адам ұсталды

Алматыда қаржы пирамидасының негізін қалаушылар ұсталды. BAQ.KZ бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды 

Бұл Қытай Халық Республикасының төрт тумасы, олардың екеуі «қандас» мәртебесімен Қазақстан азаматтығын алған, тағы екеуінің Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар.

Күдіктілер қамауға алынды. Басты тұлға – 26 жастағы Д. есімді азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Топтың басқа мүшелерінің қылмысқа қатысы мен рөлі тергеу барысында анықталатын болады. Қаскөйлер келесідей тізбек бойынша әрекет етті: «Лазада групп» компаниясының атынан әрекет ете отырып, олар интернетте капиталды ұлғайту мүмкіндігі туралы хабарландыру жариялады және азаматтарға криптовалютаға салым салуды ұсынды. Аңғал адамдар көп болып шықты: күмәнді жобаға кейбіреулері миллиондаған теңге салған. Шын мәнінде, «кәсіпті» ұйымдастырушылар дивидендтерді төлеуді ойламаған да, олар бастапқыдан-ақ халықты алдауды мақсат еткен. Зардап шеккендер аудандық полиция басқармаларына жүгіне бастады, – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілерді қаланың криминалдық полициясының, сондай-ақ Наурызбай және Алмалы аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері Ақкент шағынауданындағы пәтерлердің бірінде ұстады. Мәселе үш қыз бен бір жас жігіт туралы болып отыр. Топтың ең үлкен мүшесі – 26-да, ең жасы небәрі – 20 жаста.

Жедел-тергеу тобы күдіктілердің үйлерін тексеру барысында әртүрлі адамның атына ашылған 60-тан астам банк картасын, төрт ұялы телефонды, sim-карта мен ноутбукт тәркіледі. Маңызды деталь: жалға алынған пәтерден банктік карта шоттары мен құпия сөздері бар бес дәптер де табылды. Қазір бірқатар қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау және ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Дидар Аханов.

Өзгелердің жаңалығы