Алматыда құрылыс нысандарын бақылау күшейтіледі

Бүгiн, 04:24
178
Бөлісу:
Алматыда құрылыс нысандарын бақылау күшейтіледі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда құрылыс нысандарын инспекциялаудың жаңа тәртібін қабылдау туралы өз пікірімен құрылыс, жер қатынастары, урбанистика, энергетика және сумен жабдықтау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлмира Байғабулова бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.

Мен үшінші жыл құрылыс процесін бақылауды қайтару қажеттілігі туралы айтып отырмын, менің ойымша, құрылыс-монтаж жұмыстарын инспекциялау ережелері толыққанды мемлекеттік бақылау алғашқы қадам болып саналады. Бұл құжаттар біздің қауіпсіздігімізге тікелей байланысты. Инспекциялаудың нақты ережелері тұрғындарды сапасыз жүргізілген жұмыстардан, ал адал құрылыс салушыларды негізсіз талаптардан қорғауға тиіс, - деп есептейді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясында құрылыс-монтаж жұмыстарының тірек және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібі бекітілді.

Қазіргі уақытта құқықтық акт Әділет департаментінде тіркелуде.

Өзгелердің жаңалығы