Алматыда құрылыс краны құлап, бір адам қаза тапты

23 Қаңтар 2022, 13:23
1883
Бөлісу:
Алматыда құрылыс краны құлап, бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Алматыдағы Таугүл-1 шағын ауданында болған.

Алматы қалалық департаменті құрылыс краны құлап қайтыс болған 49 жастағы краншының өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның Әуезов ауданындағы Навои тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болғанын хабарлады.

Мердігер компания «Мирас Констракшн» ЖШС «Star Rent» компаниясының краншысымен бірге мұнаралы кранды жалға алған.

Нәтижесінде кран машинисі Майнов Б.С. 1973 жылы туған азамат  жарақат алып, дәрігерлер келгенше қайтыс болды.

Кранның құлау себебі – жобалық ақау.

Өзгелердің жаңалығы