Алматыда қоғамдық орында түкіргендерге айыппұл салынды

23 Қыркүйек 2023, 19:09
881
Бөлісу:
Алматыда қоғамдық орында түкіргендерге айыппұл салынды
Фото: BAQ.KZ

Алматыда полицейлер қоғамдық орындарда рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5-22 қыркүйек аралығында қоғамдық орындарды ластаудың 234 дерегі анықталды. 103 жағдайда түкірген азаматтарға айыппұл салынды.

Осы деректер бойынша құқық бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 1 млн 770 мың теңге болды.

Жалпы жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін жалпы сомасы 84 млн 559 мың 500 теңгеге 4 902 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы