Алматыда Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жасақталып жатыр

5 Сәуір 2022, 16:38
1546
Бөлісу:
Алматыда Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жасақталып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Оның барысында кандидаттардан өтінімдерді қабылдау күні жарияланды және оларға қойылатын талаптар айтылды. Бұл туралы Алматы қаласы Мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамына биыл 39 адамнан тұратын болады, оның ішінде 36 азаматтық қоғам өкілдері, 3 мемлекеттік органдардың өкілдері.

Жұмыс тобы Қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастырады. Жұмыс тобының құрамына азаматтық сектор, саяси партиялар, кәсіподақ, мүгедектер, ардагерлер ұйымдары, ШОБ өкілдері және заңгерлер кірді.

Құжаттар Алматы қаласының Мәслихатына 2022 жылғы 6 сәуірден бастап 19 сәуірге дейін, дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) келесі мекен-жай бойынша қабылданады: A15H9H0 (050057), Алматы қаласы, Жароков көшесі, 215 үй, 311 бөлмесі. Анықтама телефондары: 8 (727) 380 04 03, E-mail: orgotdel@maslihat-almaty.kz.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар көрсетілген мерзім аралығында келесі құжаттарды тапсырады:
1) Қоғамдық кеңестің құрамына өз кандидатурасын ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (болған жағдайда); 
3) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) сотталғандығының болмауы туралы анықтама;
5) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Кандидаттар мынадай жағдайларда конкурсқа жіберілмейді:
1) құжаттар топтамасын уақтылы немесе толық ұсынбау;
2) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну;
3) «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңның 10-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар.
Құжаттарды барлық ниет білдірген азаматтар 6-19 сәуір аралығында тапсыра алады. Жұмыс тобы келіп түскен барлық өтініштерді қарайды.

Өтініш нысандары бар толық хабарландыру «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінің 5 сәуірдегі номерлерінде, сондай-ақ Мәслихат сайтында орналастырылған.

 

Өзгелердің жаңалығы