Алматыда қоғамдық дәретханалар көбейеді

31 Қаңтар 2024, 10:12
322
Бөлісу:
Алматыда қоғамдық дәретханалар көбейеді

Алмалы ауданында жаңа қоғамдық дәретханалар ашу жоспарланған. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың қала тұрғындарымен кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала тұрғыны қоғамдық дәретханалардың аздығына шағымданды. Оның айтуынша, Алмалы ауданында саябақ пен скверлердің көптігіне қарамастан, жеткілікті дәрежеде қоғамдық дәретханалармен қамтылмаған.

Өткен жылы ауданымызда бірнеше қоғамдық дәретхана қолданысқа берілді. Бірақ ол жеткіліксіз. Біздің саябақтардың біразына реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Сондықтан тұрғындарымыз серуендеуге көбіне бізге келеді. Сол себепті қоғамдық дәретханалардың санын көбейтсеңіздер жақсы болар еді, - деді алматылық азамат

Айтылған сұраққа Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев жауап берді.

Біз саябақ алаңдарында 5 жаңа дәретхана ашуға дайынбыз. Сондай-ақ жерасты өткелдерінде жабық тұрған барлық санитарлық орынд реконструкциялық және жөндеу жұмыстарынан кейін қайта қолданысқа берілді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы