Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметітк желіде Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған лаңкестер жерленген орынның табылғаны туралы мәлімет тарады.
Оқи отырыңыз:
Аталған мәліметті Алматы қаласы Полиция департаменті растады.
Бұл мәліметті растаймын. Лаңкестерді құпия жерлеу олардың жеке тұлғасын анықтауды қиындату үшін жасалған,-дейді ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Айта кетсек, бұған дейін Алматы ПД-нің бастығы Қанат Таймерденов содырлар қаладағы мәйітханаға шабуыл жасап, 41 адамның мүрдесін алып кеткенін айтқан еді.