Алматыда қараусыз қалған жер саябаққа айналды

11 Қыркүйек 2020, 18:15
1370
Бөлісу:
Алматыда қараусыз қалған жер саябаққа айналды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданындағы қоғамдық кеңістіктің абаттандыру жұмыстарымен танысты. 

WhatsApp Image 2020-09-11 at 17.03.57.jpeg
Есеп беру кездесулері кезінде тұрғындардың өздері ұсынған учаскелерге ерекше көңіл бөлінді. Мысалы, Жас қанат ықшам ауданындағы қараусыз қалған жердің орнына саябақ, ал Соболев көшесінде спорт алаңы пайда болды. Жаңартылған «Буденый» алаңымен бірге бұл жерлер ересектер мен балалардың сүйікті мекеніне айналды. Мұнда уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған, - деп жазды әкім instagram-дағы парақшасына.

Сонымен қатар, ол аулалар да ретке келтіріліп жатқанын айтты. Ахметов көшесіндегі үй тұрғындарының айтуынша, олар үй маңындағы аумақтың жөнделуін 30 жыл күткен. 

WhatsApp Image 2020-09-11 at 17.04.09.jpeg

Заманауи ойын, воркаут және демалыс аймақтары тұрғындар үшін таптырмас орын болды. Олар бірлесе аумақты көгалдандырды. Енді МИБ құру мәселесін қолға алып, өз аулаларында тәртіп орнатпақшы. Бұл - құптарлық әрекет. Тұрғындар тұрғын үй шаруашылығын ұстау мәселелерін өз бетінше шешуге құқылы және шеше де алады, - деп жазды Сағынтаев.

Өзгелердің жаңалығы