Алматыда Түрксіб ауданындағы Байрон көшесі, 134б мекенжайындағы жаңа қоғамдық кеңістікті абаттандыру аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қараусыз қалған бос жер «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаяу жүргіншілер аймағына айналды.
Жұмыс төрт айға созылды және 25 қарашада аяқталды. Нәтижесінде футбол алаңы, балалар және спорт кешендері, иттерді серуендетуге арналған алаң жабдықталды, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Тұрғындардың өтініші бойынша алаңның периметрі бойынша бейнебақылау камералары орнатылады.
Биыл "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасына 18,8 млрд.теңге бөлінді, бұл қаланы абаттандыру бойынша 364 жобаны іске асыруға мүмкіндік берді.