Алматыда «Қара шаңырақ – 2022» атты жаңа қойылымдар фестивалі өтеді

1 Желтоқсан 2022, 19:48
1626
Бөлісу:
Алматыда «Қара шаңырақ – 2022» атты жаңа қойылымдар фестивалі өтеді
PHOTO
Фото: Фото: Досжан Балабекұлы

Алматыда 6-11 желтоқсан күндері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры КСРО және Қазақстанның Халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзірбайжан Мәмбетовтің 90 жылдығына арналған «Қара шаңырақ - 2022» атты жаңа қойылымдар фестивалін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фестивальдің мақсаты – жаңа қойылымдардың шығармашылық сапасын, оның ішінде актерлердің табысты жұмысын анықтау. Шығармашылық құрамға  жаңа серпін беріп, көрермен мен театр арасындағы байланысты нығайту. Фестиваль барысында қазылар алқасы номинациялар бойынша үздіктерді анықтап, 13 желтоқсанда жеңімпаздарды марапаттайды. 

6 желтоқсанда фестивальдің ашылу салтанатында А.Мұқанның «Қ.Жетпісбаев», С.Асқаровтың «Б.Жанғалиева», К.Малтабарованың «Ә.Мәмбетов» кітаптарының тұсаукесері, «КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Халық қаһарманы Ә.Мәмбетовтің туғанына – 90 жыл» атты көрме және Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер. Ақбала» трагедиясының көрсетілімі өтеді. 

Алматыда «Қара шаңырақ – 2022» атты жаңа қойылымдар фестивалі өтеді

Фестиваль күнтізбесі:

  • 7 желтоқсан – Ақын, этнограф Қ.Бегмановтың «Менің Мұстафам!..» моноспектаклі (реж. Ә. Рахимов);
  • 8 желтоқсан – Жазушы, драматург Д.Исабековтің «Мақшар түнгі махаббат» мистикалық драмасы (реж. Ж. Жұманбай);
  • 8 желтоқсан – жазушы, драматург Р.Отарбаевтың «Қытайдан жеткен сәлемдеме» драмасы (реж. А.Қабдешова);
  • 9 желтоқсан – Ағылшын жазушысы Б.Шоудың «Сүйікті менің періштем» комедиясы (реж. Ә. Оразбеков);
  • 10 желтоқсан – Бір кеште екі спектакль: А.Батырқызының «Бейтаныс таныстар» және Ж.Бауыржанқызының «Қайдасың, мама?!» моноспектакльдері;
  • 11 желтоқсан –  ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы (реж. Е.Нұрсұлтан);
  • 13 желтоқсан – «Қара шаңырақ – 2022» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау (Кіші зал).
Өзгелердің жаңалығы