Алматыда қар еріту пункті іске қосылды

Бөлісу:
Алматыда қар еріту пункті іске қосылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еріген су құм мен қоқыстардан тазартылады, содан кейін қалалық кәріз желісіне жіберіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қар еріту пункті ашылған, онда Қазақстанда алғаш рет экологиялық таза еріту технологиясы және қарды тиімді кәдеге жарату қолданылды.

Жаңа пункт бұрын “Алматы Тазалық” КМК көктайғаққа қарсы реагенттері сақталған базада салынған. Оны құру қажеттілігі қаланың инфрақұрылымына жүктеменің артуымен және соңғы жылдары қардың көп түсуіне байланысты. Қар еріту пунктінің жұмыс процесі қолданыстағы кәріз желісі арқылы келетін ағынды сулардың жылуын пайдалануға негізделген. Қысыммен жылы су сорғы қондырғылары мен құбырлар жүйесінен өтіп, қарды ерітеді. Осыдан кейін пайда болған еріген су сүзгіге түседі, құм мен қоқыстардан тазартылады, содан кейін қалалық кәріз желісіне жіберіледі. Пункттің қуаты - тәулігіне 1200 текше метрге дейін қарды ерітеді,- деді Адматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда қар еріту пункті іске қосылды

Қар еріту пунктіне Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандарының аумақтарынан қар жеткізіледі. Бұл аудандарда қар үйіндісі мәселесі өте өткір, ал трафик орталық көшелерден қарды тиімді шығаруға мүмкіндік бермейді.

Мұндай шешім қарды қаладан тыс жерлерге шығаруға кететін уақыт пен ресурстарды едәуір азайтуға, сондай-ақ экологияға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары қыста жауын-шашын күшейе түсті және біз қарды тиімді утилизациялау үшін жаңа шешімдер іздеуге мәжбүрміз. Қар еріту пункті — полигондарға қар шығарылатын дәстүрлі әдіске заманауи балама, - деді “Алматы тазалық” МКК директорының орынбасары Ертай Қасенов.

Айта кетейік, жоба қала көшелерінің қысқы күтімін жақсартуға және қыс мезгілінде Алматы тұрғындары үшін жайлылықты арттыруға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы