Алматыда қалалық идеялардың дизайны бойынша хакатон өтті

2 Желтоқсан 2023, 22:17
536
Бөлісу:
Алматыда қалалық идеялардың дизайны бойынша хакатон өтті
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

2 желтоқсанда "Almaty Creative" креативті индустрияларды дамыту орталығы DS Academy және AlmaU-мен бірлесіп жас дизайнерлер, бағдарламашылар және геймдевелоперлер арасында хакатон өтті, деп хабароайды BAQ.KZ. 

Almaty creative креативті индустрияларды дамыту орталығының бас директор орынбасарының м.а. Бақыт Елубаеваның айтуынша, хакатонның мақсаты креативті индустрияның жаңа таланттарын ашу болып табылады.

Хакатонда біз қалалық ортаны жақсартуға және байытуға, ойын әлемін құруға мүмкіндік беретін инновациялық, функционалды және көрнекі тартымды қалалық құрылымдар мен элементтерді дамытуға жағдай жасаймыз. Ол үшін біз дизайн саласындағы танымал әзірлеушілер мен сарапшыларды және геймдевті шақырдық", ― деді ол.

Өз шеберлік сабақтарын концепт-суретші, мейтпейнтер Данияр Кдыров, grimlore Games-те компьютерлік ойындардың сценаристі және әзірлеушісі Арсений Дериглазов, "өндіріске арналған Дизайн" бағыты бойынша сәулет магистрі, UCL, Бартлетт Сәулет мектебі Мария Ли, Xwargame геймплей аниматоры Сергей Лопатин, SAP жетекші әзірлеушісі Тимур Бакибаев сияқты шақырылған мамандар өткізді.

Өзгелердің жаңалығы