Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа бағыт ашылды

27 Қараша 2023, 11:27
608
Бөлісу:
Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа бағыт ашылды
Фото: BAQ.KZ архив

Алматы Қалалық мобилділік басқармасы 26 қарашадан бастап №216 жаңа қаламаңы бағытын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған маршрут Дәулет ауылы мен Алматы-1 теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсетеді. Желіде 45 минуттық жиілікпен 5 автобус жүретін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында Басқарма 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын 10 қаламаңы бағытын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін 7 бағыт іске қосылды, қалған 2-уі әзірленуде.

Бұдан бөлек, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін қала маңындағы 20 жаңа бағытты ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.

Өзгелердің жаңалығы