Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда қабаған ит адамға шабуыл жасады

Нұрқанат Атажан
14 Тамыз 2025, 12:42
666
Бөлісу:
 pixabay.com
VIDEO
Фото: pixabay.com

Алатау ауданында орналасқан GulDala тұрғын үй кешенінің жанында ер адамға ит шабуыл жасады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, полицейлер түнгі жанжалға қатысқандарды тыныштықты бұзу және итті қате жағдайда серуендету ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.

Оқиға орнына келген кезде екі ер адамның мас күйінде айқайлап, өзара жанжалдасқанын анықтадық. Сол сәтте қасынан өтіп бара жатқан, қолында ит жетектеген тұрғын оларға ескерту жасады. Ауызша кикілжің туындап, сол кезде байлаудан босап кеткен ит қарсы тарапқа шабуыл жасады. Нәтижесінде екі тарап та әкімшілік жауапкершілікке тартылды: түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында мас күйде болғаны, сондай-ақ жануарларды ұстау ережелерін бұзғаны үшін, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Өзгелердің жаңалығы