Алматыда психологтар мен әдіскерлерге арналған семинар өтіп жатыр

6 Қазан 2022, 11:34
798
Бөлісу:
Алматыда психологтар мен әдіскерлерге арналған семинар өтіп жатыр

Алматыда психологтар мен әдіскерлер үшін арнайы семинар өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шара 9 қазанда аяқталады. Онда мамандар 4 «К» дағдысын: когнитивті, қарым-қатынас қабілеті мен эмоционалды интеллектісін психодиагностикалаудың заманауи технологиясы мен әдістерін меңгереді.

«Семинарда 7-9 жастағы оқушылардың қабілетін диагностикалау нәтижесі түсіндіріледі әрі қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушылар мен ата-аналарға ұсыныстар әзірленеді. Мұнда оқыған психологтар мен әдіскерлер қабілетін диагностикалаудан өткен балаларға кеңес беріп, бағыт-бағдар көрсетеді», - деді «Балалар мен жастарды диагностикалау және дамыту» орталығының директоры Гүлім Жүсіпова.  

Оның айтуынша, еліміз бойынша 80-ге жуық маманды оқыту жоспарланып отыр.

Жобаға қатысты сұрақтарыңыз болса, 8 800 080 48 48 нөміріне хабарласа аласыз, қоңырау шалу тегін.

Айта кетейік, бүгінде балалардың қабілеті мен олардың қай салаға бейімі барын ерте анықтау маңызды болып саналады. Сондықтан 
qabilet.elbasyacademy.kz платформасы іске қосылған. Онда тест тапсыру тегін.

Бүгінде 134 мың бала қай салаға бейімі барын білген.

Өзгелердің жаңалығы