Алматыда полиция қызметкерін көлікпен сүйреп кеткен жүргізуші ұсталды

29 Қазан 2024, 22:48
530
Бөлісу:
Алматыда полиция қызметкерін көлікпен сүйреп кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: скрин

Алматы облысында жүргізуші полицейдің саусақтарын көліктің есігіне қысып, сүйреп кеткен. Оқиға Байсейіт ауылында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тойота Естима маркалы көлік тізгіндеген жүргізушіні полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Хаттаманы толтыру кезінде 34 жастағы ер адам заңды талаптарға бағынбай, көлігіне отырып, полиция қызметкерінің саусағын қысып қалғанына қарамастан 10-15 метр жерге дейін сүйреп өткен. Кейін құқық бұзушы жасырынуға тырысқанымен, қашып құтылмады. Қазір жүргізуші уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен бірге оған жол - қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиғаның барлық мән жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде, - деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Өзгелердің жаңалығы