Pfizer вакцинасын алуға кімдер өтініш беріп жатқаны айтылды

6 Желтоқсан 2021, 16:52
1310
Бөлісу:
Pfizer вакцинасын алуға кімдер өтініш беріп жатқаны айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Pfizer вакцинасын ақылы түрде алуға кімдер өтініш беріп жатқанын айтты.

Pfizer вакцинасы 12-18 жас аралығындағы азаматтарға тегін салынады, ақылы вакцинаны алу үшін 19 жастан бастап 65 жасқа дейінгілер тіркеліп жатыр. Негізінен жұмыс істеп жүрген 35-52 жас аралығындағы азаматтардың белсенділігі жоғары, – деді ол.
Оның айтуынша, Алматыға жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдерге деп Pfizer вакцинасының 40 400 дозасы жеткізілген. Бұл вакцинаның ақылы түрде салынатын екпеге еш қатысы жоқ. Қазір Денсаулық министрлігі қай өңірге қанша доза жеткізу керек, оның бағасы қанша болады деген мәселе төңірегінде жұмыс істеп жатқан көрінеді.

Сонымен қатар ол Pfizer вакцинасын ақылы түрде салу үшін 3 медициналық ұйымды таңдағандарын жеткізді.

Олар №5 қалалық аурухана, №5 емхана және №7 емхана. Қаланың сегіз ауданын бірден қамтый алмаймыз. Бұл ұйымдар алғаш вакцина басталғанда жақсы көрсеткіш көрсеткен. Яғни, оларға қатысты ешқандай шағым түспеген. Бұл ұйымдар Медеу, Бостандық және Алмалы аудандарында орналасқан. Ақылы вакцина алу үшін осы емханаларға телефоннан қоңырау шалып, тіркелуге болады, – деді Лаура Мырзағали.
Сондай-ақ ол алдағы уақытта ақылы вакцинаны салатын емханалар саны артатынын жеткізді.
Өзгелердің жаңалығы