Алматыда Pfizer қашан ақылы түрде салынады?

14 Қаңтар 2022, 15:31
1566
Бөлісу:
Алматыда Pfizer қашан ақылы түрде салынады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова хабарлады. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда мегаполисте шетелдік екпені ақылы түрде салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.  

Pfizer-ді ақылы түрде жеткізу бойынша қажет келіссөздер жүргізілген. Денсаулық сақтау министрлігі оны ақылы түрде жеткізу мәселесін алға тартты. Бірақ дәл қазір бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің кейінгі қаулысында да, біздің қаулыда да аталған, - деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Сонымен қатар ол аталған екпені кімдер салдыра алатынына тоқталды. 

Pfizer-ді медицина қызметкерлері және 60 жастан асқандар ревакцинация үшін қолдана алады. Ал әзірге бұл екпені ақылы түрде салу мәселесі қаламызда қарастырылмады, - деді оңтүстік астананың санитар дәрігері.

Өзгелердің жаңалығы