Алматыда өзен арналары тазартылды

28 Ақпан 2020, 14:17
1731
Бөлісу:
Алматыда өзен арналары тазартылды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында "Көктем-2020" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Негізгі жаттығу Наурызбай және Алатау аудандарындағы 3 учаскеде, Қарғалы өзенінің жағасында жүргізілді, өзен арналары мұз бен шөгінділерден тазартылып, 2 шақырымнан асатын қашықтықта ағаштар мен бұталар қысқартылды.

WhatsApp Image 2020-02-28 at 11.05.14 (1).jpeg

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жалпы саны 1800 тұрғылықты тұратын және жұмыс істейтін адамдар мен 500 әртүрлі бағыттағы нысандарда (Қарғалы өзені арнасынан су көтерілген жағдайда) су басу қаупі жойылды, - делінген ТЖД хабарламасында.

Аталған жаттығулар қаланың қалған 6 ауданында да өткізілген, жаттығу аясында өзендер мен каналдар қардан, мұздан және қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Барлығы 7 км өзен арналары тазартылып, 403 текше метрден астам қар және қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Оқу жаттығуға 300 адам және 52 бірлік техника; соның ішінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығынан 100 адам және 5 бірлік техника, қаланың азаматтық қорғау қызметтерінен 153 адам 39 бірлік техника және  ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінен 46 адам, 8 бірлік техника қатысты, - деп хабарлады ведомство.

WhatsApp Image 2020-02-28 at 11.05.13 (1).jpeg

Жүйелі бақылауды ұйымдастыру мен су тасқыны салдарын болдырмау және жою жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында 2019 жылы Төтенше жағдайлар департаменті жиі су басатын 26 учаске есепке алынды. Бүгінгі күні  9 учаскеде  су басу қауіпі жойылды, қалған 17 учаскеде жалпы ұзындығы 376 км болатын арық желілерін салу және қайта қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

WhatsApp Image 2020-02-28 at 11.05.13.jpeg

Жаттығу барысында Алматы қаласының ТЖД, Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардия аумақтық бөлімшелері, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, көктем маусымында төтенше жағдайларды жоюға  дайын екендіктерін көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы