Алматыда өткен шахматтан әлем чемпионатында кімдер жеңіске жетті

31 Желтоқсан 2022, 15:17
1105
Бөлісу:
Алматыда өткен шахматтан әлем чемпионатында кімдер жеңіске жетті

Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсіміне ФИДЕ атқарушы директоры Виорел Бологан, Алматы әкімі Ерболат Досаев, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рапидтан алтын медальді қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен жеңіп алды. Екінші орынды неміс шахматшысы Винсент Кеймер иеленді, ал қоланы АҚШ ойыншысы Фабиано Каруана қанағат тұтты.

Әйелдер арасында рапидтен күміс медальді Динара Сәдуақасова жеңіп алды. Қытайдан келген Тань Чжуньи әлем чемпионы атанды, үндістаннандық шахматшы Шри Савита үшінші орынға табан тіреді. Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік рапид бойынша үздік бестікке кірді.

Блиц бойынша Магнус Карлсен (Норвегия) чемпион атанды. Күмісті Фабиано Каруана (АҚШ) алды. Қоланы Хаик Мартиросян (Армения) еншіледі.

Блиц бойынша әйелдер арасында 1-орынды қазақстандық Бибісара Асаубаева иеленіп, чемпиондығын қорғап қалды. Ол 2021 жылы ол Варшавада өткен әлем чемионатында да жеңіске жеткен болатын. Екінші орынды Хампи Конера (Үндістан) иеленсе, ал 3-орынды Полина Шувалова (ФИДЕ) місе тұтты.

Өзгелердің жаңалығы