Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды

Бөлісу:
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда биыл шамамен 300 км жолға, 30 км жаяу жүргіншілер жолына орташа жөндеу жүргізу, сондай-ақ 35 км жаңа жол салу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, Жас Қанат, Шұғыла, Әлмерек, Ақжар, Рахат, Мәдениет және Боралдай шағын ауданы сынды қалаға қосылған аумақтарда жаңа жол салу 70 мыңнан астам тұрғынға көлік қатынасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстар қаладағы сапалы жолдардың үлесін 2024 жылы 92%-дан 2025 жылы 95%-ға дейін арттыруға септігін тигізеді.

Айта кетейік, былтыр Алматыда ұзындығы 250 км болатын 255 көше жөнделіп, 25 км жаңа жол салынды, Құлжа тас жолы 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, Саин – Мөңке би жолайырығында қозғалыс ашылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы