Алматыда оркестрлер фестивалі өтеді

6 Қыркүйек 2022, 20:13
880
Бөлісу:
Алматыда оркестрлер фестивалі өтеді

Ертең, 7 қыркүйекте қала тұрғындары мен қонақтарын ашық аспан астындағы ерекше музыкалық шоуды тамашалай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

«Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Мемлекеттік симфониялық оркестр және DJ PUZA қазақ халық әндерін, симфониялық және электрондық музыкасын ұсынады. 

8 қыркүйек күні фестиваль Aljazz simphony рок-симфониялық оркестрі және Мемлекеттік үрмелі оркестр жанрында жалғасады. 

Сонымен қатар, Urker, Aldaspan, Lamp Orchestra сынды еліміздің әйгілі рок-топтары сахнада өнер көрсетеді. The Beatles, Queen, Кино, Scorpions, Status Quo, Aerosmith секілді әлемге әйгілі әуендер мен қазақстандық рок-топтардың хит әндері шырқалады.

Оркестрлер фестивалі 7 және 8 қыркүйек күндері сағат 20.00-де атындағы Ш.Уәлиханов атындағы гүлзарда (Шевченко және Қонаев көшелерінің қиылысы) өтеді. Кіру тегін.

Өзгелердің жаңалығы